Ағасы қарындасын алмасына кім кепіл?
18 ноября 2021
Сауда үйінде, дүкенде, көшеде, автобуста, жалпы айналаңызда бір ұрықтан тараған ұрпақтар жүруі әбден мүмкін. Оны айтасыз, елімізде ағасының қарындасына үйленуі, әпкесінің бауырына күйеуге шығуы, жалпы ағайындылардың отау құруы әбден ықтимал. Бұған қазір жоғары сұранысқа ие қызмет — ұрық донорлығындағы олқылық себеп болуы мүмкін. Арнайы ереженің, бірегей базаның жоқтығынан бір еркектен 10 бала өмірге келіп, ертең олар бір-бірімен кездеспесіне кім кепіл? Осыған байланысты соңғы кездері қоғамда «донорлар қай жүз екенін, тіпті руын да жазуы қажет» деген ұсыныстар көтеріліп жүр. Бір ұрықтан тарайтын ұрпақтардың болашағы туралы тілшіміздің келесі сюжетінен көріп-біле аласыздар.