14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Ақмола облысында ауыл тұрғындары бас көтерді

Атбасар ауданы Есенгелді елді мепкені жұртының  талаптары тек біреу — өздеріне тиесілі жер телімдерінің саудаланғанына қарсы. Ертеңгі күніне күмәнмен қарап отырған шаруалар тіпті, егін науқанына да дайындықты бастай алмай отыр. Себебі, қоймаға шеттен әкелінетін себетін тұқым әлі түспеген. Ал, техникалар қаңтарылып тұр. Қора толы ірі қаралардың да жем-шөбі таусыларға шақ. Мәселені шешіп беру үшін ашынған бұқара аудан әкімін келіссөзге шақырды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мұнда бір кездері 7 мыңнан астам ірі қара болған. Ал, қазір оның саны бірте-бірте азайып 400-ден әрең асатын сиыр қалыпты. Онымен қоса бұл шаруа қожалық ауылдың 12 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп келген. Егер де ауыл 3-ке бөлініп кететін болса, тұрғындар жұмыссыз, ал мұндағы Зеңгі баба ұрпақтары қараусыз қалатын түрі бар».

200-ден астам түтіні бар Есенгелді ауылы осы ірі қара мен егіннің арқасында күнін көріп отыр. Кезінде мыңғырған малдың басы күн санап азайып бара жатыр. Ал, егін егуге арналған техникалар қаңырап тұр. Өздерінің жерлерін даулаған тұрғындар талабын айтып ауылдың мәдениет үйінің алдына жиылды.

ЫСҚАҚ ИСАБАЕВ, ЕСЕНГЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Осы ауылды быт-шыт қылып бөліп берейін деп жатыр. Соған күллі халық қарсы. Сол үшін сендерді шақырдық. 2007 жылы осында инвестор келді, «Әліби» деген келіп, жарылқаймыз, көркейтеміз деді. Ешқандай көркейткен жоқ. Жылда келеді, бидайларын шауып алып кетеді. Ал, егер бөліп берсе мына халықтың барлығы жұмыссыз қалады».

Алайда, түскі екіге жоспарланған кездесуге аудан атқамінерлері төбе көрсетпеді. Мәселе мынада: ауылға тиесілі 26 мың гектар жерді, қора-қопсыдағы бүкіл малды аудан көлеміне кеңінен танымал агрошаруашылық өз меншігіне алған. Алайда, өткен жылы ол фирма банкрот деп танылыпты. Содан бері ауыл жұртынан маза кеткен.

ДУЛАТ ҚОЗЫБАҒАРОВ, ЕСЕНГЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Әкім келіп, бізге мына жағдайды түсіндіріп берсін. Мынау 3-ке бөліп жатқан жерді неге олай бөліп жатыр? Неге 1 инвесторға бермей жатыр? Неге біздің совхоздың бүкілін құртып жатыр? Қазір 3 инвестор келсе мындағы пекарний, садик, школа барлығы жабылады. Мұның барлынғын бір фермер ұстай алмайды. Біздің требованияларымыз сол».

Мәселе енді тынышталып келе жатқанда, әкімдіктегілер ауылдың бүкіл егінге жарамды жерін 3 инвесторға бөліп беруге шешім шығарған. Төбелерінен жәй түскендей, бей-жай күйге түскен бұқара жерге тиесілі жарнасын да ала алмай сары уайымға салынған.

АСХАТ МҰХАММЕДӘЛІ, ЕСЕНГЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Ауылдың жерлерін қандай негізде алып жатыр? Ол біздің жарнамыз. Негізі, телімдерді кейін мұрагерлікке беруге де құқығымыз бар. Егер де аукцион арқылы саудалағысы келсе, ол меншікті бізге халыққа бөліп берсін».

Алайда, жоспарланған жиналыс уақытынан 1 сағаттай кешігіп, Аудан орталығы Атбасардан 100 шақырым жерде орналасқан Есенгелділіктерге әкімдіктен шенеуніктер де келді. Құрқылтайдың ұясындай мәдениет үйіне назын айтқысы келгендер сыймай қалды.

ЫСҚАҚ ИСАБАЕВ, ЕСЕНГЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«У нас МТМ 3 сторожа работали. Они получали по 28 тысяч. «Әліби» взял одного сократил. Двоих оставил. 14 тысяч взял и сократил. Вышла по 42 тысяч. А где конституция? Который больше 8 часов нельзя работать?».

Ал, өз кезегінде мәселемен жақсы таныс аудан әкімінің орынбасары жұртқа қиындық жауық арада шешіледі деп уәдені үйіп төкті. Шенеуніктің сөзінше, бидай егумен айналысып отырған бұл ауылдың аудан үшін маңызы зор. Сондықтан, проблема шешіледі деп сендірді.

ҚАНАТ ИГІБАЕВ, АТБАСАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Мен мұнда «Әліби» холдингіне тиесілі жерлерді талқылау үшін арнайы келдім. Ол инвестор өткен жылы банкрот деп танылған. Қазір ол жер телімдері «Проблемалық несиелер қорының» меншігінде. Халық құр бекерге шу шығарып жатыр. Біз ол жердің барлығын ауылдың жағдайын ойлайтын кәсіпкерге 1 жылға жалға береміз. Кейін ол телімдер біс саудаға қойылады. Жағдайы бар кез-келген адам сатып ала алады».

Жиналыстан соң әлеумет пен шенеунік бір шешімге келгендей болды. Енді, ат шаптырымдай жер телімдері ауылдан шыққан бір инвесторға берілетін болыпты. Егін науқанының басталуына шақ қалғанын ескерген жұрт ертең қамбаға бидай аз түсіп, наннан тапшылық көруіміз бек мүмкін деп шулап тарасты.

X