Ақпан трагедиясына 3 жыл. Не өзгерді?
4 февраля 2022
Ақтөбе облысында бір үйдің қос баласы бақилық болып, отбасы қара жамылып жатса, осыдан үш жы бұрын, дәл осы күні бес бірдей періште көз жұмған еді. Олар да қызыл жалынның ортасында қалып, түтінге тұншықты. Айдың күннің аманында жер қойнына тапсырылған бір үйдің бес бүлдіршіні — елде жылдар бойы жиналған көптеген әлеуметтік мәселенің бетін ашқандай болды. Жәрдемақының аздығы, баспананың жоқтығы, жылдар бойы жылжымайтын үйдің кезегі тағы бар. 3 жылдың ішінде не өзгерді? Әріптесім Нұрай Құрақпай қайғылы жайтты еске түсіріп, көпбалалы отбасылардың қазіргі жағдайын біліп қайтты.