10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

АҚШ: Дауыс санау аяқталған жоқ

Бүкіл әлем көз тігіп отырған АҚШ-тағы сайлау аяқталуға таяп қалды. Бюллетендерді санап біткеннен кейін тарихта Американың 46 президентінің есімі белгілі болады. Әзірге Дональд Трампқа қарағанда Демократ Джо Байден алда келеді. Дегенмен бюллетендерді санау толығымен аяқталмағандықтан саясаттанушылар нақты кімнің президент болатын дөп басып айта алмауда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазіргі таңда ресми мәліметтер бойынша Делевэр штатының бұрынғы сенаторы Джо Байден алда келеді. Ол сайлау коллегиясындағы 270 сайлаушының 264 дауысын алған. Демократтың пікірінше Америкада дауыс беру қасиетті саналады. Осындай жолмен халық өзінің таңдауын жасауда. Тұрғындардың осындай ұстанымы кімнің президент болып сайланатынын анықтауға мүмкіндік береді. Дауыстарды толығымен санап біткенде Байден өзінің президент болып жарияланатынына сенімді.

ДЖО БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:
«Санау жұмыстары толығымен аяқталған кезде сенатор Харрис екеуміз жеңімпаз деп танылатын боламыз. Сондықтан барлықтарыңыздан сабырлық сақтауды сұраймын. Қазір жұмыс процесі жүріп жатыр. Санау аяқталған соң ол туралы білетін боламыз. Шыдамдылық танытқандарыңыз үшін барлықтарыңызға алғыс білдіремін».

Ал, Дональт Трамп заңды дауыстар қортындысы бойынша өзінің «тарихи» жеңіске жеткеніне сенімді. Егер заңсыз дауыстар есепке алынаса ол біздегі сайлауды ұрлаумен тең дейді. Дегенмен өз қарсыласынан қазіргі президен айтарлықтай қалып келеді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:
«Біз кешігіп келген дауыстарға мұқият қараймыз. Көптеген дауыстыр кешігіп келді. Шешуші роль атқаратын Флорида, Айове, Индиана, Огайе және өзге штаттарда мен айқын басымдықпен жеңіске жеттім. Сайлауға ірі бұқаралық ақпарат құралдары, үлкен қаржы мен жоғары технологиялардың араласқанына қарамастан біз басымдық таныттық».

Дегенмен қос кандидаттың да жақтастары шеруге шығып өз қолдауларын білдіруде. Бірі Джо Байденді қолдаса, енді бірі Дональд Трамп жақсы президент деген пікірде.

ДЖЕКИ:
«Мен Трампты қолдаймын. Ол АҚШ тарихындағы Вашингтон, Линкольннан кейінгі үздік президент. Қазіргі сайлауда болып жатқан жағдай сұмдық».

«Біз елдің тұтастығы үшін күресудеміз. Сондықтан әр дауыс есепке алынуы тиіс. Әр адамның өз президентін сайлауға дауыс беруге құқығы болу керек. Сондықтан біз осындамыз»

Әзірге сайлау бюллетендерін санау әлі толығымен аяқталған жоқ. Аса маңызды саналатын Невада, Пенсильвания, Солтүстік Королина және Джорджия штаттарында қортынды шықпады. Ал джо Байден Пенсильванияға иек артып отыр. Оның жерлестері өзіне қолдау білдіреді деп үміттенеді. Соңғы мәлеміт бойынша Байденге 70 миллион америкалық дауыс берген.

X