АҚШ Александр Лукашенконы Беларустің заңды түрде сайланған президенті деп танудан бас тартты. Сонымен қатар Германия, Словакия, Литва, Латвия, Эстония, Канада және Польша билігі де осындай ұстанымда екендіктерін жариялады. Еуропалық одақ басшылығы да Лукашенконы президент ретінде мойындамайтындарын мәлімдеді. Айта кетейін, Белурусьте наразылық шаралары тыйылмай тұрғанда Александр Лукашенко кеше ресми түрде қайта таққа отырды. Ың-шыңсыз өткен инаугурацияға 700-ге жуық адам қатысқан.. Бірақ, жұрттың көбі бастапқыда ұлықтау рәсімніңі өтіп жатқанын білмей қалған. 66 жастағы Александр Лукашенко беларусь тілінде ант бергесін, Орталық сайлау комиссиясының төрайымы оған Беларусь Республикасының президенті төлқұжатын тапсырған. Еске салайын, Беларусьтегі президент сайлауы 9 тамызда өтті. Елде содан бері наразылық шаралары жалғасып келеді. Сайлау қорытындысы бұрмаланды деген шерушілер, қайта сайлау өткізуді талап етуде.
АҚШ пен Еуропа елдері Лукашенконы президент деп мойындаудан бас тартты
Дата: 24.09.2020