Ақша толы сөмке мен қару асынған жігіттер ұсталды

Қомақты ақша салынған сөмке мен қару. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы «Жаркенттің жігіттерін» іздеген полицейлер оларды көп ұзамай қолға түсірді. Бума-бума ақшамен қатар, жігіттің жанында жатқан Калашников автоматына ұқсас қару да видеоға түсіп қалған. Тәртіп сақшылары бейнежазба авторларын анықтап, тергеу шараларын бастады. Әзірге желідегі «батырларға» қандай шара қолданылатыны белгісіз.

X