18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Ақтөбеде 22 отбасы далада қалуы мүмкін

«Үй емес, үрей құшағы». Ақтөбеде 22 отбасы қара суықта далада қаңғып қалуы мүмкін. Қаладағы екі қабатты баспананың қабырғасы қақырап, қар суынан езіліп, ілдебайлап әрең тұр. Қапелімде шатыр опырылып, ортасына түссе іштегілердің жағдайы қалай болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. Жалпы, Ақтөбеде 47 апатты үй бар екен. Жергілікті билік бұл ретте не дейді? «Айта-айта Алтайдының» күйін кешкен тұрғындар шағымымен біздің тілшіміз де қанығып, құзырлы орындардан жауап алуға тырысып көрді.

X