14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

АҚТӨБЕДЕ 8 ӨЗЕННІҢ ЖАҒАСЫНДАҒЫ АҒАШТАР ОТАЛУДА

Ақтөбеге қауіп төнді! Екі айдан бері әкімдіктегілер 8 өзеннің жағасындағы ағаштарды отап жатыр. Ондағы уәждері су тасқынының алдын алу үшін осылай жасап жатыр екен. Тұрғындар болса, шенділердің бұл әрекетін түсіне алмай әлек. Онсыз да жаз шықса екі иіннен әрең демалатын өндірісті шаһар тал-терексіз қалса, жағдай бұрынғыдан бетер ушығады деп наразы. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жасыл желексіз Ақтөбе! Атқарушы билік қаланың іргесіндегі өзан жағалауындағы ағаштарды жаппай отауға кірісті. Бұған халық наразы!

Наталья Мальцеваның жасыл желектің жайын айтып шырылдап жүргеніне екі айға жуықтапты. Бау-бақша ұжымының төрайымы өзі туып-өскен Бұтақ өзенінің мұндай күйге түскенін көріп шыдай алар емес. Биліктегілер онсыз да өндірістік қалдыққа тұншығып отырған қаланы тал-теректен айырып жатқаны, қай сасқаны деп отыр.

НАТАЛЬЯ МАЛЬЦЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Правда, без слез на это смотреть невозможно! «Айналаңдағы болып жатқан жағдай еріксіз көзіңе жас келтіреді екен! Қандай керемет көрініс еді, айнала толған жасыл желек болатын. Қараңызшы, бірде-бір ағаш қалмады! Көктем шыға құстар сайрап, өзен толы балық, жәндіктің бәрі осы жерде болатын. Су тасқынының алдын аламыз деген сылтаумен ағаштарды отады. Ең болмаса бізден пікірімізді неге сұрамайды? Мен мысалы, осы маңдағы бау-бақша ұжымының төрайымымын, бірде бір адам бұл жайында ескерткен жоқ!».

Өзен жағалауындағы жұмыс қызу жүріп жатыр. Мердігер компаниялар бірнеше техникасын алаңқайға апарып қойған. Тракторы, экскаваторы бар томарларды түбірімен жұлып, енді бірі кесілген ағаштарды жинап жатыр екен.

ГАЛИНА БАРАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «У нас тополя, осины были! Мына жердің бәрі толған қарағай, терек еді. Өзен арнасы толғанда жабайы үйрек, шіл қонатын, одан қалды кірпі, тасбақа жүретін жағада. Енді тал-теректің көзін құртқасын бәрі құрдымға кеткелі тұр. Біздің көз алдымыздағы оазисті жоғалтып алғанымызға қарнымыз ашады!».

Әкімдіктегілер бас-көзге қарамай, кез-келген ағашты кеспейтінін айтқан еді. Өзеннің ортасында өскен жабайы талдарды ғана отап жатырмыз деді. Алайда, Бұтақ өзенінің жан-жағын тып-типыл етіпті. Мердігер компанияның өкілінен мән-жайды білмекші болып едік, өзімізге дүрсе қоя берді.

Халық не үшін қарсы? Мынау сияқты 1-2 адам, сіздер сияқты 1-2 адам қарсы. Общий народ добрые, все добрые, нам чай дают.
-Рахмет айтып жатыр ма?
— Иә, я приехал с юга. Тендер выиграл и работаю. Никого нету у меня здесь. Мешать еткен болса, ана әкім келіп айтты. Ағашқа тимеңдер деп. Енді біз дальше ағашқа тимейміз. Қиып тастағандарымыз әне жатыр. Осы жерлерде ағаш болған, біз қиғанбыз. Лажымыз жоқ, программа сондай.

Су тасқынының алдын алу мақсатындағы бағдарламада ағаштарды отау жұмыстары қарастырылғанын қала әкімінің орынбасары да растады. Алайда, халықтың наразылығын білгеннен соң аймақтың әкімнің тапсырмасымен қайта қарастырып жатырмыз деп отыр. Өзендерді тереңдету, бекіту жұмыстарын қаланың жасыл белдеуіне кесірін тигізбейтіндей етіп атқаруға тапсырма берілген.

ИБРАИМ КӨЗБАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Облыс әкімінің тапсырмасымен қайта қарап жатырмыз. Бізде енді максимально мынау жағада өскендерге тиіспей, бірақ, мына өзеннің арнасының ішінде орналасқандар, енді оны алмасқа амал жоқ, бірақ алынған әрбір талға сол подрядчиктер ол проектте қаралған тал отырғызылып беріледі».

Ескеру керек, ол тал өзен жағасына емес, қаланың ішіне отырғызылады екен. Қала әкімінің орынбасары мердігер компаниялардың осы уақытқа дейін өзен жағасындағы қанша аумақты отағанын дөп басып айта алмады. Негзігі жоспарланғаны  18 га аумақ екен. Жалпы, мұндай жұмыстар 8 өзеннің аумағында жасалады. Барлығы 180 шақырым аумақты қамтиды. Ол үшін республикалық қазынадан 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

X