Ақтөбеде мұғалімдер тегін жұмыс істеп жүр
26 ноября 2025
Аты ерекше дардай смарт-мектеп деп айдар таққан, мемлекеттік тапсырыспен бала оқытатын білім ордасы 4 айдан бері жалақы төлемеген. Кредиті, ипотекасы бар қызметкерлердің соңғы екі айдағы қарызының өзі 1,5 млрд теңгеден асып кетіпті. Ал білім басқармасындағылар жағдайды жеке мектептерді қаржыландыруға енгізілген жаңа тәртіппен байланыстырды. Бұрын қаржы республикадан бөлінсе, енді жерглікті бюджетке ауысқан.







