10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

АҚТӨБЕЛІКТЕР БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛУІНЕ ҚАРСЫ

Ақтөбеде сенімгерлік басқарудың төңірегіндегі дау-дамай басылмай тұр. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қызметке кірісе сала әуелі әлеуметтік нысандар, әсіресе, білім саласының маңына бизнесмендерді жолатпауға шешім қабылдап, жұртты бір қуантқан еді. Алайда, атқарушы билік ерте сүйінші сұрапты. «балабақшамыз жекенің қолына өткелі жатыр» деген бір топ ата-ана тағы да байбалам салды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ақтөбенің ата-аналары тағы да шу шығарды. Бүгін қаладағы үш бірдей балабақшаның ата-аналары мен сол жерде еңбек етіп жүрген қызметкерлер наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, балабақа сенімгерлік басқаруға берілмекші екен. Тағы бір мәселесі  осы уақытқа дейін жаңа тағайындалған облыс әкімі балабақшалардың сенімгерлікке берілуі тоқтатылды деп шешім шығарғанымен, оған қалалық әкімдіктегілер құлақ аспаған сыңайлы».

Қаладағы бірден-бір мақтаулы, жалғыз мектепке дейінгі гимназия «Кәусар құлақтың» ұжымы ғана емес, ата-аналары да елең-алаң күйде жүр. Уақытша жекенің басқаруына берілетін балабақшалардың қатарында екенін жарты жыл бұрын естіген. Алайда, тәрбие беру орындарын сенімгерлік басқаруға беру тоқтатылды деген шешімді естіп, қуанып едік деп отыр. Енді қуаныштары су сепкендей басылды.

СВЕТА ҚОСЫБАЕВА, «КӘСУСАР БҰЛАҚ» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «21 наурыз күні қалалық әкімдік өкілдері сенімгерлік басқаруға берілетін үш балабқша меңгерушілерін жинап, конкурс өтті, жеке кәсіпкерлер ұтып алды. Енді қалайда сол кәсіпкепрелрге сол балақшаны өткізулеріңіз керек деп тапсырма берді».

Света Қосыбаева сөзі дәлелді болу үшін бұған дейін Білім, Қаржы министрлігіне жазылған хатты, жауабын, онан қалды Облыстық білім басқармасының 11 наурыздағы «Үш бірдей балабақшаның сенімгерлік басқаруға беру процедурасы тоқтатылсын» деген шешімін де көрсеткен. Бірақ, қалалық әкімдіктегілер ресми хаттарға пысқырмаған да сыңайлы. Бұл жайт  бабалақша қызметкерлерін ғана емес, ата-аналарды да алаңдатып қойды.

ГҮЛНАР ҚАБЫЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Жеке кетсе ол тәрбиешілері төленбейтін болғасын, оларға качествоға емес, количествоға жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер болғасын ол балаларды толтырады біріншіден. Екіншіден, қаражат жағынан да. Қазір 10 мың төлесе, олар кемі 35 мыңға көтереді».

АНАРГҮЛ ҚУАНДЫҚОВА, «КӘУСАР БҰЛАҚ» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Біздің сыртымыздан тон пішіп, сыртымыздан қол қойып, жекеге бергеніне қарсымыз. Мысалы, өзіміздің высшее образование, дипломымыз бар, жоғары категориядағы адамдармыз. Сонда біз жекеге кеткенде құл болып отырамыз ба? Жекенің қолына кетуге қарсымыз».

«Көркем» балабақшасының ата-аналары да балалары барып жүрген ұйымның бизнес көзіне айналғанын бүгін естіпті. Сенімгерлік басқаруға берілсе, сапа төмендеп кетеді деп наразы.

ЖАҢЫЛСЫН ЖАНҚАРАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бірінші кезекте баланың тәрбиесі. Жеке кәсіпкер өзінің жақындарын жинауы мүмкін. Ал мынада госсадикте, үкіметтің негізі оқыған, маманданған, тәжірибесі бар мамандар жұмыс жасап келеді».

Рима Көлетова болса, өзінің жылы орны үшін емес, айрандай ұйым отырған ұжымым үшін ішім удай ашиды дейді. Қазір мұнда 200 бала келіп жүр екен. Олардың тәрбиесімен 40 қызметкер айналысады. 30 жылдан астам тарихы бар мектепке дейінгі ұйым сенімгерлік басқаруға мұқтаж емес екен.

РИМА КӨЛЕТОВА, №28 «КӨРКЕМ» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Сенімгерлікке кететін объектілер 1 жыл жұмыс жасамай тұру керек, ал бұл балабақша жұиыс жасап тұр, авариялық неде тұрған жоқ, құлайын деп, акиматтан, горонодан көп ақша сұрап ремонтқа , мазалаған жоқпыз».

Таңдау неге ала-бөле осы үш балабақшаға түсті? Бұл сұрақтың жауабын Қалалық білім бөліміндегілер өздерінше түсіндіруге тырысты. Ұққанымыз: үш ұйымға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер лезде табыла кетіпті. Әрі облыс әкімі сенімгерлік басқаруға беруді тоқтату туралы шешімін шығарғанға дейін олармен келісім-шарт жасалып қойған дейді. Екінші тарап жарнасын да төлеп тастапты.

ЖҰЛДЫЗ ШАЛАБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «22 ақпанда электронды сатылым дейді ғой, электронды сатылымға шығару жүргізіліп, 22 ақпанда хаттама жасалып, алғашқы 3 балабақша келісім-шарт жасалып, алғашқы кепілдік жарналары қайтарылды. Міне, осы үш балабақша, 22-ақпанда бұл жұмыстар жүргізіліп кетті».

Бұл — Қалалық білім бөлімінің жауабы. Ал облыстың бас педагогы болса, бұл соңғы, әрі нақты шешім емес деді.

ЛӘЗЗАТ ОРАЗБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Балабақшаларды сенімгерлік басқаруға беру тоқтатылып тұр. Қазіргі таңда анализдер жасалып жатыр. Осы мәселе бойынша облыс әкімі үлкен тапсырма берді қалалық әкімдікке. Сондықтан, сол анализдердің барлығы жасалмай, бұл өзінің жұмысын жалғастыра алмайды».

Осылайша, «айшылық алыс жер емес» бір облыс, бір қалада отырып, ортақ мәселенің шешімін таба алмай отырған атқарушы биліктің ендігі әрекеті қандай болмақ, оны уақыт көрсетеді. Жалпы, 2017 жылдан бері бас-аяғы 9 мектепке дейінгі ұйым сенімгерлік басқаруға берілген. Биыл 11-ін беру жоспарланған екен.

X