Әкім сөзінде тұрмады. Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны дүниеге келгенде сүйіншілеген шенділер оған қаладан бір пәтер уәде етіп, тілшілерді шақырып, газет-жорналдардың бәріне жазғызып, дабыра қылып еді. Қала тарихында аты жазылған Әлинұр бала туралы шенділер ұмытып кеткен сияқты. Ол отбасымен көпқабатты үйдің қоймасында тұрып жатыр. Ал әкесі болса, «Әу баста-ақ басыбайлы баспана бере қояды дегенге күмәнмен қарап едім, ипотеканың өзіне жете алмай отырмыз ғой», — депті біздің тілшіге. Бүлдіршіннің қазіргі жағдайын көрейік.
Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғынына уәде етілген пәтер берілмеген
Дата: 10.06.2020