Қаңтар қасіреті: бірқатар қылмыстық топ қолға түсті
10 февраля 2022
Қаңтар оқиғалары кезінде бейбіт шерулерді пайдаланып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған бірқатар қылмыстық топтар мен олардың жетекшілері қолға түсті. Бүгін ішкі істер министрлігінде хабарлағандай Криминалдық полиция департаменті өңірлік бөлімдермен бірлесе отырып Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жедел іздестіру шараларын өткізген.







