9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Қаңтар қасіреті кезінде курьер бұзақыларға байланыс құралдарын жеткізген

Қаңтар қасіретіне қатысты жаңа деректер ашылып жатыр. Телеграмм каналға оқиға куәгерлерінің бірі жіберген әуесқой кадрларда қос дөңгелекті көлікті тізгіндеген курьердің тәртіп бұзушыларға байланыс құралдарын жеткізіп жатқаны бейнеленген. Дәл осылай қарудың да таратылғаны белгілі. Мына кадрларда бүлікшінің курьерді бөтен көзден қалқанымен жауып тұрғаны анық көрініп тұр. Полицияның болжамынша әйгілі қызметтің униформасын жамылғандар күдік туғызбай блок бекеттерден емін-еркін өтіп Алматының орталық алаңында мемлекеттік төңкерісті басқарған радикалдардың тыңшысы болған. Бұл қаңтар төңкерісінің қаншалықты деңгейде ұйымдастырылғанын дәлелдейді. Шабуылдаушыларға тойтарыс берген полицейлер сары дорба асынған курьерлердің одан бөлек үгіт жүргізгенін айтады.

X