Қаңтар қасіреті кезінде ұрланған қарулар еліміздің әр өңірінен табылып жатыр
23 февраля 2022
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласы және Алматы мен Жамбыл облыстарында 3000-нан астам қару-жарақ пен оқ-дәрілер тоналғаны белгілі. Ұрланған қарулар мен арнайы құралдар күн сайын еліміздің әр өңірінде тәркіленіп жатыр. Бірақ тоналған 2000-нан астам қару-жарақ әлі табылған жоқ. Осыған орай, Ақтөбе облыстық полиция департаменті жергілікті тұрғындарға үндеу жасады.