Қаңтар қасіреті кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің өтініші қаралып бітті
10 марта 2022
Алматыда зардап шеккен кәсіп иелерінен түскен барлық өтініш қаралып бітті. Бұл туралы өңірлік комиссия бүгін есеп беріп, соңғы мәліметтермен бөлісті. InfoKazakhstan электрондық платформасына 1188 кәсіпкерден барлығы 1355 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде 5 миллиард 286 жарым миллион теңге сомасындағы 1139 өтініш мақұлданды.Оның ішінде 4 миллард теңгеден астамы бюджеттен бөлінсе және 1 миллиард теңгесін «Жаңа Алатау» қоры қаржылындырылып жатыр. Бірақ қалада әлі де өтініші қабылданбаған кәсіпкерлер бар.