3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Қаңтар қасіреті кезінде зардап шеккен тағы 102 кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болды

Қаралы қаңтар күндері нысандары қираған тағы 102 алматылық кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болды. Осылайша көптеген сауда нүктелерінде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы аймақтық комиссия жұмысын бастағалы оңтүстік мегаполисте 362 кәсіп иесіне 644 миллион теңге өтемақы төленді. Ал «Инфоқазақстан» сайтына түскен барлық өтініштер саны 2 мыңнан асады. Комиссия өкілінің айтуынша кейбір өтініштер дұрыс толтырылмағандықтан, оны қарау мерзімі кейде белгіленген мерзімнен асып кетеді. Сондықтан мамандар құжат жинау ісіне мұқият қарауға кеңес береді.

X