Қаңтар қасіреті туралы деректі фильм жарық көрді
9 марта 2022
Қаңтар қасіреті туралы деректі фильм жарық көрді. Туынды қайғылы оқиғаға куә болып, өзгенің өмірі үшін басын қауіпке тіккен сақшы қыздың әңгімесімен түсірілген. Шығарма авторының айтуынша, аталмыш фильм қазақ қыздарының қайсарлығы мен ержүректілігін дәріптеуге арналған. Ал мәні мен мағынасы зор деректі фильм бар жоғы 3 күнде түсіріліпті. Сондай-ақ, бір тиын да қаражатты талап етпеген туындының әлі де жалғасы бар. Идея авторы алдағы уақытта ерлік жасап, жария болмаған тәртіп сақшылары туралы да түсіруді жоспарлап отырғанын айтты.