Қаңтардағы жауыздықтың жаңа деңгейі
2 марта 2022
Қаңтардағы жауыздықтың жаңа деңгейі. Ақтөбеде тәртіп сақшыларын аяусыз көлікпен қағып, таптаған адам ұсталды. Полицейлерді өлтірмек болған қанды қол қылмыскер қазір қамауда отыр. Бұдан бөлек қыздардың заттарына құмар болған морадерлер де анықталды. Олар әшекей бұйымдар мен бренд сөмкелерді қолды қылыпты. Бір қызығы бұл жігіттер әйел заттарының қайсысы құнды, қайсысы көшірме екенін ажырата алады екен. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің басқа да жаңа деректері жайлы сюжетте баяндалады.







