«ADAL» және Қазақстан Халық партиясы Мәжіліс сайлауына жіберілді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың сөзінше, 5 қарашада 6 саяси партияны Парламент Мәжілісі депутаттарын және партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы қаулы қабылдаған. Ал «Ақжол» партиясы әлі құжаттарын өткізбеген. «Ауылдықтардың» партиялық тізімі бүгін ғана тіркеліпті. Айта кетейін, Мәжіліс сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
АЗАМАТ ӘМІРҒАЛИЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Осы жылғы 11 қарашада «Бірлік» саяси партиясын Adal саяси партиясына қайта тіркеу жүргізілді. Тиісті қайта тіркеу Adal партиясының барлық 17 филиалында жүргізілді, осылайша 17 аймақта да филиалы бар. 12 қарашада Қазақстанның коммунистік халық партиясы Қазақстанның халық партиясы болып қайта тіркелді. Сәйкесінше, Қазақстанның коммунистік халық партиясының республика бойынша 17 филиалы қайта тіркеуден өтті. Қазір партияларды қайта тіркеу рәсімдері аяқталды».