Адамға да, малға да бір құдық
10 мая 2023
Адам да, мал да бір құдық басында кезекке тұрады екен. 30 жыл бойы жаратқаннан да, жауаптылардан да бір жұтым таза су сұраған тіршілік иелері ақыры арманына жете алмай, басқа жаққа қоныс аударыпты деседі. Бұл — ертегі емес, еліміздегі жағдай. Жамбылда атқамінерлердің қырық өтірігіне тойған жұрт енді біздің арнадан көмек сұрап жатыр. Айтуларынша, тіршілік нәрінен үмітін үзген ел ауылын тастап, өзге өлкелерге көптеп көшуде. Бұлай жалғаса берсе, Әбілхайыр деген аты дардай ауылдың жойылып кету қаупі бар.