Air Astana ресейге әуе рейстерін тоқтатты
11 марта 2022
Бүгін Эйр астана әуе компаниясы ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Себебі, Ресей-Украина арасындағы ахуалға байланысты сақтандандыру компаниялары қызметінен бас тартуда. Қазіргі таңда компания рейстерді тезірек қалпына келтіру жұмыстарын үкіметпен талқылап жатыр. Ал, тоқтатылған рейстердің жолаушылары авиабилеттерінің құнын толық қайтара алады.