18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Қалаға жаяу жетеміз деп, шибөрілерге жем бола жаздаймыз!

Шибөрілерге жем болудан қорқамыз! Қызылордада осыдан 4 жыл бұрын жер алып, иүй салғандар осылай деп шағымдамнуда. Өйткені, жол болмағандықтан ол жақа қоғамдық көқлік бармайды екен. Ал жұрт негізгі жолға шығуы үшін 5-6 шақырымлы жаяу жүруге мәжбүр. Ал түнде ол маңда шибөрілер жүреді екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл — «Бәйтерек» ықшам аудынының кіре берісіндегі көшенің сиқы. Өздеріңіз байқап тұрғандай, су жаңа электр бағаналары және теп-тегіс афальт жолы. Ал көшеге әрі қарай кіретін болсақ, асфальттың шекарасын байқауға болады. Тұрғындардың айтуы бойынша, «Бәйтерек» ықшам ауданындағы өркениет осымен аяқталатын көрінеді».

Бұл ықшам аудан 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Астана күніне орай бой көтерген. Атқамінерлер жер кезегінде тұрған қызылордалықтардың саны 5 мыңға азайды деп жарияға жар салып, бұл жерге «Бәйтерек» деп атау берген еді. Үй-күйсіз жүргендер учаскелерге
тез арада үйлерін көтере бастаған. Сол кездің өзінде ақжағалылар жарық, су және газ тартылған деген болатын. Алайда, тұрғындар көгілдір отынның тек былтыр берілгенні айтады. Ал, жол мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппай келеді екен.

АСАРБАЙ ЕШНИЯЗОВ, «БӘЙТЕРЕК» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мынау жолды көріп тұрсыздар: мынау тас жол, тас жол болғаннан кейін жүру қиын. Бұл жерге маршрут келмейді. Біз қалаға қатынау үшін, продукты әкелу үшін, осы жерде үй салып жатқандар бар материал әкелу үшін 10 км барамыз анау қалаға дейін».

Расында бұл жаққа қоғамдық көлік қатынамайды. Бір-екі шағын автобус ықшам ауданның тек кіре берісіндегі көшеге белгілі уақытта ғана келеді екен. Соның салдарынан тұрғындар көбіне қалаға апаратын трассаға дейін жаяу жүруге мәжбүр. Көшеде жарық шамдары тағы жоқ. Таксилердің көбісі жолдың нашарлығынан мұнда келмейді. Ал, келіскендері бағаны шарықтатып, 3-4 мың теңгеге дейін сұрайды екен. Ал түнде жаяу-жалпылатып қайтуға қорқамыз дейді. Кейде тіпті қасқырдың ұлығаны естіледі екен.

АЙГҮЛ НАРЫНБЕТОВА, «БӘЙТЕРЕК» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Көшеде жарықтандыру жоқ. Көшенің барлығы тас қараңғы. Машиналар бірі алса, бірі алмайды, тоқтамай өтіп кетеді. Жағдай, ақша болмағаннан кейін жаяу жүреміз. Алдымыз болса қыс, қараңғы. Шакалдар деген бұл жерде көп. Қаншама шакалдардан қашқан күндеріміз болды. Бала-шағамызбен жылап, қашып жүрген күндеріміз болды».

Тұрғындар жылда бір мәрте әкімдікке баруды да әдетке айналдырыпты. Жолды жырлап жүрген жандар биыл қала әкіміне мүлдем кіре амапты.

ЖҰМАБИКЕ ИСАЕВА, «БӘЙТЕРЕК» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Біз деген неше сағат ауызында тұрдық. Бізді ауызға деген кіргізген жоқ. Сонымен біз айқай шығардық. Барып алып, 4 әйел айқай шығардық. Видеоға түсірдік, сосын барып бізді кіргізді, бір кісі қабылдады. Ешқандай биыл сендерге істейтін жанағы жағдайымыз жоқ деді. Автобус болмайды деді, жол бітпей сендерге автобусты шығара алмаймыз деді».

Ал, әкімқаралар болса жол салу алдағы жылдың еншісінде дегенді алға тартады. Асфальт төселген соң көшелерді жарықтандыру қолға алынады дейді шенділер.

БІРЖАН ДАЛАБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. 2021 жылдың бюджетімен «Бәйтерек-1,2,3,4 тұрғын ауданы бойынша орталық көшені асфальттау жұмыстарын жүргізу жоспарымызда бар. Ал, көше жарықтарын орналастыру бойынша жол құрылысы яғни асфальттау жұмыстары жүргізілгеннен кейін көшенің ені мен ұзындығы толық шыққаннан кейін ғана ол қолға алынатын жоба».

Жол түскен соң мұнда қоғамдық көлікті әкелу де қиынға түспейді деп сендірді шенділер. Мұның барлығын сол мезетте жасалмауының бірден-бір себебі — бастапқыда ықшам ауданда тұрғындардың аз болыпты. Жұрт сәл сапбыр етсе, көп ұзамай барлық мәселені шешеміз деп отыр мамандар.

X