9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Қалалар карантинге жабылуда

Тағы екі қала, Көкшетау мен Степногор карантинге жабылып, шектеулер күшейтіледі. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Бүгін түнгі 12-ден бастап Көкшетау қаласы карантинге жабылса, 26 маусымнан осындай шаралар Степногор қаласында қолға алынады. Қаулыға сәйкес, барлық автокөліктер мен азаматтарға бұл қалалардың аумағына кіріп-шығуына тыйым салынады. Тек транзиттік жүк көліктері мен азық-түлік тасымалдайтын автокөліктерге рұқсат берілген. Ал Ақтөбеде ертеңнен бастап балабақшалар мен білім орталықтары жұмысын тоқтатады. Өйткені, мектепке дейінгі ұйымдардың 9 қызметкерлерінен коронавирус шығыпты.

X