10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Алаяқ қаржы ұйымына алданғандар арасында өздеріне қол салғандар бар

Шымкентте қаржы ұйымына алданып қалған жұрт шу шығарды. 100 шақты азамат банк пен тергеу соты алдына жиналып, өздерін тақырға отырғызғандардың жауапқа тартылуын талап етті. Олардың айтуынша, алаяқ компанияның үш адамы ғана ұсталып, қамауға алынса, өзге сыбайластары миллиондаған ақшамен кепілге босатылған көрінеді. Осыны көтере алмаған екі салымшы өткен аптаның бірінде өз-өзіне қол салыпты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл азаматтардың барлығы кезінде күмәнді компанияларға қаржы құйып, сан соғып қалғандар. Арасында екінші деңгейлі банктерден несие алып, ақша салған көпбалалы отбасылар мен зейнеткер және мүгедектер де бар. Айтуларынша, өнер жұлдыздары жарнамалаған ұйымдарға имандай сеніп қалған. Енді ақшалары мен дүние мүліктерін қайтара алмай жүр.

АЙДАР ТҮЙМЕБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Ломбардтың негізгі мақсаты, бізді таныстырған кезде Қазақстан Республикасында осы банктерге терминал қоямыз, содан өндірілген акциялардың бәрін халықпен бірге бөлісіп жейміз деген таныстықпен негізгі халықты тартқан. Ал, аяқ жағында бірақ, олардың барлығы алаяқтықпен халықты отырғызып кетіп отыр».

Жұрттың жалған ұйымдарға сенгендері соншалықты миллиондаған ақшасы мен көлігін, қала берді пәтерлерін де беріп жіберген. Енді соның бәрі бірақ сәтте үшті-күйлі жоғалды. Ауыртпалықты көтере алмай өз-өзіне қол салғандар да бар, дейді.

ЖАМАЛ ОМАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Осыдан бір апта бұрын қайтыс болды «Асар» мөлтек ауданында. Бес баланы тастап кетті. Асылып қайтыс болды. Ал, біреуі Шардарада. Ол кісі де асылып қайтыс болды».

Полиция елді тақырға отырғызған «Гарант 24» ломбдардының басшысы мен сыбайластарын ұстап, қазір Ақтөбеде сот ісі жүріп жатыр. Сондықтан, жәбірленушілер айыпталып жатқан азаматтардан өз ақшаларын өндіріп алуды және үкім шыққанға дейін банктер несие пайызын тоқтата тұруды сұрап отыр.

АЙДАР ТҮЙМЕБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Қазір халық шынын айтқан кезде, көбісі бала шағасын асырай алмай отыр. Киіміне тауып бере алмай отыр. Осы жағдайға байланысты семьялық ажырасып кетушілер де бар».

КЕНЖЕАЙЫМ СИҚЫМБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «10 ай болды жүргенімізге. Барлық жерге документтеріміз тапсырылды. Нац банкке де, министрлікке де барлық жерге президентке дейін хат жіберілді. Бірақ, халыққа жақсы хабар, жаңалық келген жоқ».

Шымкенттік полицейлер тағы бір қаржы ұйымының 3 адамын ұстағанымен өзге сыбайластарын кепілмен босатып жібергені жұрттың ашу-ызасын туғызды. Жиналғандардың сөзінше, әрбірі 25 млн теңгемен уақытша босап шыққан көрінеді. Күні ертең олардың сүттен ақ, судан таза болып шықпасына кім кепіл, дейді.

НҰРЛАН КӨЛБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Адиловтың қаулысымен бүкіл қылмыстық істерді бір орынға жинап жатыр Түркістан облыстық полиция департаментіне. Ішкі істер министрінің бір, тергеушісі сонда жетекші ретінде отырады. Бүкіл қылмыстық істі кеше бүгін бәрін жинап сол жерге береміз. Мына қамалғандарды да, үй қамаққа алынғандарды да барлығын бір жерге бір қылмыстық іспен тергейді».

Талай адамды сан соқтырғандардың ісі немен аяқталатыны әзірге белгісіз. Қазір, тергеу амалдары жүріп жатыр.

X