9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Алаяқ компания төрт мың адамды тақырға отырғызды

Тағы бір алаяқ компания төрт мыңнан астам адамды алдап кетті.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мекемеге көпшілік соңғы тиынын санап берген. Қолдарында лицензиясы болғандықтан жұрттың сеніміне селкеу түспепті. Алайда, он күн бұрын өздерінің жабылғандығын мәлімдегенде салымшылардың төбесінен жай түскендей болған. Енді теңгесін еселеймін дегендер кімнен өндіріп аларын білмей дал. Бүгін осы мәселе бойынша мемлекеттік жауапты органдардың мамандарына жолығып, алаяқтардың қолында кеткен қаражаттарын қайтарып алу үшін көкейлеріндегі сұрақтарын жаудырды. Алайда, тергеу енді ғана басталғандықтан, кімнің кінәлі екендігін алдағы уақытта ғана анықтаймыз деген жауап алды.

АСХАТ ЖАҚЫПОВ — МЕДЕУ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
«Бар болғаны 9-ақ күн өтті. Шұғыл-тергеу тобы осы аз ғана уақыттың ішінде бірталай жұмыстар жасады. Алдағы уақытта нақты кімдердің жауапты екендігі анықталып, кінәлілер жазаларын алатын болады».

X