14:30 Тікелей эфир «QOSLIKE» бағдарламасы
18:30 Эфирде әрі қарай «БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР»

«АЛИБИ»

Сенбі

12:45

Бұл оқиғаның басты кейіпкері - Петр Решетников. Ол отыздан енді ғана асқан, атақты сценарист. Көпшілікке осылай болғанымен оның ешкімге беймәлім екінші әлемі бар. Сырт көзден таса әлемінде сәтті сценарист - "Алиби"агенттігінің жетекшісі еді. Ол өз клиенттеріне алиби ұсыну қызметімен айналысады. Әйеліне іссапарға кеттім деп өтірік айтып, өзі көңілдесімен уақыт өткізгісі келетін еркектер үшін бұл агенттік таптырмас шешім. Немесе жұмыс берушімен кикілжіңге келіп, шырмауыққа оралып, жол іздеп, адасқандар үшін де көмек қолын соза алатын кеңсе еді. Решетниковтың пікірінше бейтаныс көпшілік клиенттердің бас ауыртар мәселелері бір-біріне ұқсас. Шешімі ді еш қиындық тудырмайды. Одан бөлек өте қызық. Оның әйелі Ольга мен 11-сыныпта оқитын ұлы Саша әрине оның мұндай қызметпен айналысатынын білмейді. Құпия мен тәтті сәттерге толы кейіпкердің бұл қалыпты өмірі бір сәтте астан-кестен болады. Себебі «Алиби» агенттігіне көмек сұрап, клиент болып оның әйелі Ольга келеген еді.

Шығарылған жылы: 2018

Шығарушы ел: Ресей

Режиссер: Нурбек Эген

X