Алматының атақты алмасы отынға айналды. Алатаудың бөктеріндегі бір кездері жайқалған жасыл бақ қурап, пешті жылытуға ғана жарап қалды. Әйгілі апорттан бастап алманың бірнеше түрін мамандар жарты ғасыр бұрын арнайы отырғызған екен. Бұған дейін талай адамға азық, көрмелердің көзайымы болған алқызыл жемістер енді жоғалудың аз-ақ алдында. Атадан мал қалғанша, тал қалсын деуші еді, ата-әжелеріміз отырғызған алма ағашына қалайша балтаның жүзі тиді? Тау етегін тілшіміз аралап қайтты.
Алма ағаштары оталуда
Дата: 14.10.2020