8:00 Тікелей эфир «ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ, ҚАЗАҚСТАН!»
9:00 Эфирде әрі қарай «ДОБРОЕ УТРО, КАЗАХСТАН!»

Алматы: дезинфекциядан соң 5 сағат бойы үйден шықпаңыздар!

Алматыда дезинфекция жасалған тұрғын үйлердің дәліздері мен аулаларына 5 сағат бойы шығуға болмайды. Зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандар қала тұрғындарына осындай ескерту жасады. Жоспар бойынша қаладағы 8 мың 400-ден астам көпқабатты үй, 23 кіреберіс пен 4082 ауланы дезинфекциялау көзделген. Бұған 150-ге тарта техника мен мыңнан астам жұмысшы тартылған. Сонымен қатар, 60 гектар аумақты алып жатқан жеті ірі базарды дезифекцияланбақ. Бұған Алматы гарнизонының 317 сарбазы мен 11 арнайы техника жұмылдырылған. Өңдеу жұмыстарына 49 тонна арнайы су ерітіндісі жұмсалмақ.

X