6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Алматы қызылдан жасыл аймаққа өтті

Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді. Қаланың қауіптіліктің қызыл аймағынан жасылға өтуіне байланысты Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды. Дегенмен, өткен тәулікте ауырғандар саны Алматымен салыстанада екі есе аз болғанымен, елорда вирустың таралуы бойынша сары жолаққа жайғасыпты. Осы ретте, өңірлердің «бағдаршам» тәрізді біресе қызылдан — жасылға өтіп, біресе сарыға секіруіне не себеп? Ал вирус жұқтырғандар қатары қай өңірде артқан? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бір айдан бері вирус жұқтырғандардың антикөшін Павлодар облысы бастап тұр. Мұнда тәулік сайын 250-ден кем пациент тіркелмейді. Сол үшін өңірдің бас санитар дәрігері халыққа алдағы күндері аймақта блокбекеттер қайта қойылуы мүмкін деп ескертті.

«Асема, ничего не знаю, давай лезь за мной..давай лезь за мной»

Дегенмен, ескертуді елеп жатқан ешкім жоқ. Клубтарда демалған керекулік жастардан бір мысал. Мобильді топты көре сала жан-жаққа бытырай қашқандары сонша камераның түсіріп тұрғанын да байқамапты. Вирус өршіп тұрған Қостанай өңірінде де осы көрініс.

«Не надо меня выталкивать. Иллона, снимайте. нет ты посмотри, ааа»

Бүгінде қауіптіліктің қызыл аймағында батыс, солтүстік пен Ақмола облысы да бар. Аталған аймақтарда карантин талаптарын жеңілдету жайлы әзірге әңгіме де жоқ.

Ал бүгіннен бастап шектеу шаралары қатаңдатылуы тиіс болған Алматы қаласында керісінше карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Мегополис вирустың «қызыл» аймағынан жасылына көшті. Сөйтіп Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес…

Енді қаладағы сауда орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат. Дүйсенбіден сенбіге дейін келушілерге есігін айқара ашып, жексенбі күндері жабық болмақ. Кинотеатрлар да қызметін жалғастырады. Ашық базарлар аптасына 7 күн, жабық базарлар 6 күн жұмыс істейді. Ал қоғамдық көліктердің кестесінде өзгеріс жоқ.

Бас қала да қауіптіліктің «қызыл» аймағынан шығып, «сары» жолағына жайғасты. Дегенмен, астанада ауырғандар саны азайғанның орнына, керісінше өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 35 процентке артқан. Қалада індеттің 65 жаңа ошағы анықталыпты. Жастар арасында жұқтырғандар қатары күрт өскен. 21 мектеп карантинге жабылған.

Бірақ, жауаптылар қаладағы эпид ахуал тұрақталып келеді деп сендіруде. Ал шаһардағы вирустың таралуы «бағдаршам» тәрізді түстерін өзгертуін былай деп түсіндірді.

ТИМУР МҰРАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Қызыл, сары, светофор сияқты болып кеткені бұл апта сайын болып жатқан вирустың репродуктивті числосы деген бар ғой. Бір адамның неше адамға жұқтыруы мүмкін дейді. Және оған қоса тағы бір көрсеткіш бар. Бір аптада 100 мың адамның ішінде қанша адам ауырып қалды деген. Сосын біз айтқан қызыл, сары, жасыл зоналар пайда болады»

Бұған халықтың санитарлық талаптарды пысқырмайтынын тағы қосыңыз. Жыл басынан бері тек бас қалада 130-ға жуық кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы соммасы 31 млн теңге көлемінде айыппұл арқалапты. Жалпы өткен тәулікте вирусты 1259 паациент жұқтырған. Науқастардың үшеуі инфекцияға шетелде шалдыққан екен. Олар ескертуді елемей, елге ПТР тестті тапсырмай қайтып келген.

X