Алматыда коронавируспен күресуге дәрігерлер жетіспей жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді. Ол өзінің Facebook парақшасына ақ халаты абзал жандарға үндеу тастады. Індетпен күресу үшін дәрігерлер мен еріктілерді ауруханалар мен call-орталықтарда жұмыс істеуге шақырды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері тұратын жер мен тегін тамақпен, жұмыс орны мен тұрғылықты жеріне тасымалдау, айлығы уақтылы төленіп, үстемеақы қарастырылғанын жеткізді.
Алматыда коронавируспен күресетін дәрігерлер жетіспейді
Дата: 01.07.2020