3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Алматыдағы жаңа шектеулер

Келесі аптадан бастап Алматыда сауда ойын-сауық опрталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді. Оған қоса сенбі-жексенбі күндері сауналар мен бассейндер де жүмыс істемейтін болады. Ал Вирус жұқтырғандар бірден ауруханаға жатқызылады. Қызыл аймаққа енген Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысында тағы қандай талаптар бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жаңа қаулыдағы ең басты тыйым сауда, ойын-сауық орталықтарына қатысты. Енді сенбі мен жексенбі күндері олар қайтадан жабылады. Олардың ашылуына былтыр қазан-қараша айларында рұқсат етілген болатын. Араға екі ай салып тағы да шектеу енгізілуде. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат таңғы оннан кешкі сегізге дейін ғана жұмыс істейтін болады. Ал ойын-сауық орталықтарындағы қоғамдық тамақтану орындары тек жеткізумен айналысады. Сауда үйлеріндегі супермаркеттер мен дәріханалар ашық болады. Сонымен қатар ойын-сауық мекемелеріндегі балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады. Бұл талап 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне де шектеу қойылды. Енді мұндай нысандар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ұжымдық іс-шара өткізуге тыйым салынған. Сыйымдылығы 50 пайыздан аспауы қажет. Әр үстелде төрт адамнан артық отыруға болмайды. Сауналар, СПА-орталықтар, бассейіндер дүйсенбіден жүмаға дейін сағат сегізден 21.00 дейін, демалыс күндері олардың жұмысына тиым салынады. Қазан айының соңында ғана жұмыстары қайта жанданған кинотеатрлар, мәдени нысандар мен театрларлар жабылады. Алайда кинопродюсерлер бұл талапқа қарсы. Өйткені талай өнімін прокатқа шығара алмай шығынға белшеден батуда екен.

МАЙРА ҚАРСАҚБАЕВА, ПРОДЮСЕР, ДИСТРИБЬЮТОР: «Жабылғандарына қарсымыз. Себебі мен ойлаймын санитарлық тәртіпті сақтап тұра кинотеатрлардың жүре беруіне жағдай жасауға болатындай. Жағдай бар кинотеатрларда. Себебі орындықтардығң орналасуына байланысты жағдайлар жасалған. Сондықтан өте өкінішті жауып жатқандары».))

Қызық аймаққа енген Павлодар облысында жағдай мәз емес. Тәулігіне екі мың адам ПТР тест тапсыратын болса, соның 200 коронавирус анықталады екен. Жағдайдың күрделене түсуін мамандар карантин талаптарын әлсіретумен байланыстырады. Яғни сауда ойын-сауық орталықтары мен өзге де мекемелердің жұмыстарын жандануы және жаңа жылды мерекелеу өңірдегі жағдайдың ушықтыра түскен.

ЕРҒАЛЫ АСЫЛБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Он күн бұрын ауру жұқтырған адамдар сәйкесінше өзінің жақындарымен байланыста болды. Аурудың ағымы бір күнде пайда болмайды. Біраз уақыттан кейін өзІНІҢ симптомдарын көрсете бастайды».

Алматыға қатысмты қаулының тағы бір талабы — мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, атап айтқанда әкімдік, құқық қорғау органдары және мейрамхана мен сот-медициналық сараптама қызметкерлерін ай сайын бір реттік зартханалық терсеруден өткізу. Ал тесті оң нәтиже көрсеткен барлық науқастар ауруханаға жатқызылатын болады. Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы коронавирус індетінің бойынша «қызыл аймаққа» енген болатын. Пандемия басталғалы шаһарда 21 685 адам вирус жұқтырған.

X