Алматыда жеті күн ішінде 700 адамнан індет анықталды
7 января 2021
Алматыда жеті күннің ішінде 700-ден астам адамнан коронавирус анықталған. Мамандар қаңтар айында індетті жұқтырғандар қатары 4 жарым мыңға дейін өсуі мүмкін екенін болжауда. Науқастар вирусты көбіне түнгі клуб, мейрамхана, сауда кешендерінде жұқтырыпты. Сондықтан мамандар барынша қоғамдық орындарға баруды сиретіп, денеқызуы көтеріліп, ауру белгілері анықталған жағдайда өз бетінше емделмей, дәрігерлерге жүгінуге кеңес береді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
НАРИМАН ТАБЫНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Қалада көптеген пациенттер телефонға жауап бермей, ұсынылған дәрігерлік көмектен бас тартады. Соның салдарынан науқастардың 30 пайызы үйлерінен бірден жансауқтау бөліміне жеткізіледі. Бүгінде үйде отырған 691 науқас дәрігер бақылауына алған. Олардың 278 симптомсыз 413 жеңіл дәрежедегі».
Алматыда сайлау комиссиясының сегіз мүшесінен коронавирус анықталды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Сондықтан онда жұмыс істейтін барлық тұлғалар ПЦР тест тапсыруға міндетті. Осы уақытқа дейін 5480 адам тест тапсырған. Індет анықталған тұлғалар емдеуге жатқызылып, олардың орнына өзге мамандар комиссияға алынған. Ал сайлау учаскелерінде ұзақ болатын бақылаушылар мен саяси партиялардың сенімді өкілдерінің барлығы ПЦР тес тапсыруға міндетті. Ал БАҚ өкілдеріне тес тапсыру қажет емес екен. Ал дауыс беруге келген әр қалалықтың дене қызуы өлшенетін болады. Егер қызуы көтерілгендер болса арнайы жабдықталған бөлмеде дәрігер қарап, қажет болған жағдайда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіледі. Ауру белгілері бар сайлаушылар ауруханада әзірленген сайлау учаскесінде өз дауысын бере алады. Айта кетейік Алматы қаласында 581 сайлау учаскесі бар.
ЖАНДАРБЕК БЕКШИН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:
«Учаскеде болған қызметкерлері және бақылаушылар, олардың сенімді адамдары олар күні-түні сол жерде болады. Жабық баспанада. Сондықтан олар өте қауіпті, олар өтеді тестілеуден. Ал журналистер осы мәселе бойынша тестілеуден өтпейді».