Алматының жолы: артық қылам деп, тыртық қылған ба?
23 декабря 2021
Алматының жолдарын артық қылам деп, тыртық қылған ба? Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған жаңа жолайрық қаладағы кептелістен көз ашпайтын Рысқұлов даңғылын біраз ретке келтіреді деп жоспарланған. Алайда кесірі өзгелерге тиіп отыр. Әсіресе Тілендиев көшесімен қиылысатын тұсы бұрын бағдаршам арқылы реттеліп, көпшілік емін-еркін қатынап жүрген. Ал қазір ондағы қозғалыс өзгеріп үш ықшамауданның тұрғындары үшін жүріс-тұрыс қиындап, «жұмысқа кешігіп баратын болдық» деп ашынады. Жаяу жүргіншілер жолағы жабылғалы, бір қайғылы жағдай тіркеліп үлгерді. Өйткені даңғылдың арғы бетіне рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтетіндер көбейіпті. Әйтпесе жұмыстан кешігеді. Жолы жабылған жұртпен тілшіміз де жүздесіп қайтты.