9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Алып шаһардағы ахуал: әкім есеп берді

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаеыв Орталық коммуникация қызметіне келіп, шаһардың тыныс тіршілігімен таныстырды. Атқарылған жұмыстар мен қолға алынатын шаралар барысымен бөлісті. Пандемияның алып қалаға да кері әсерін тигізбей қоймағаны жасырын емес. Дегенмен, коронавирустың екінші толқынына Алматы қаласы сақайдай сай екен. Науқастарға арнап 7 мың орын әзірленіпті. Оның 211 жансақтау бөлімі. Қажетті дәрі-дәрмектер мен құрылғылар жеткілікті екенін жеткізді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаеывтың айтуынша шектеулерге қарамастан биыл қала қазынасы аса ортая қоймапты. Салықтық және өзгеден төлемдерден 900 миллиард теңге түскен. Құрылыс саласы қалыпты жұмыс атқаруда. 2-миллион 400 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Мектептердегі орын жетіспеу мәселесін шешу үшін білім ошақтарына 17 жапсарлас ғимарат салып, 8 жаңа мектептің құрылысын бастау жоспарланыпты.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Бізге жеке инвесторлар шығуда. Егер әкімдік тарапынан қандай да бір қолдау білдіретін болсақ мектептер қолжетімді болады. Біз 2021 жылдың соңы мен 2022 оқу жылының басына дейін мектептердегі орын жетіспеушілігіні 80 пайызға төмендетуді көздеп отырмыз».

Қаладаға өзекті мәселелердің бірі қоғамдық көлік. Жылдам автобустар желісін созып, Желтоқсан, Төле би көшелеріне дейін созып, Үлкен айналма жолына қосу көзделуде. Онымен қоса жеңіл рельсті трамвай жолын салу қарастырлуда. Қазір инвесторлар да табылған. Дайындық жұмыстары аяқталған. Қаржыландыру мәселесін қарыстырып жатырмыз, деді әкім. Алматы мен Талғар арасын да алдағы уақытта электр пойыздарын жүргізу көзделуде.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Қазір біз тағы бір қызық жобамен жұмыс істеудеміз. Өткен жылы Елбасына таныстырғанбыз. Қолдау тауып, Қазақстан теміржолына тапсырма берілген. Талғардан Алматыға электр пойыздарын жүргізу. Қазір жеке инвестор табылды, Ол қызығушылық танытуда. Біз әкімдік Қазақстан темір жолы және жеке инвестор бірлесіп жұмыс тобын құрдық. Егер мәселе шешім тапса Талғар мен Алматы бағытындағы ертелі кеш болатын кептеліс мәселесін шешетін едік».

Көпшілікті мазалайтын басты сауалдың бірі қала карантиге жабыла ма деген мәселе. Әкімнің мәліметі бойынша шаһар қазір жасыл аймақта орналасқан. Егер тұрғындар бетперде кимей, көпшілік орындарға баруды жиілетіп, ауру жұқтыру көбейген жағдайда карантин талаптары күншейтілмек.

X