Анасы мен екі ұлы суға батып кетті
5 июля 2021
«Жайық деген жанды су, көзі қара қанды су». Батыс Қазақстан облысында суға кеткендер саны көбейіп барады. Шомылу маусымы басталғалы өңірде 18 адам, оның 8-і бала, өзен-көлде қаза тапқан. Қайғылы статистика кешегі күнде де толықты. Бөрлі ауданының Жарсуат ауылында 36 жастағы әйел мен оның 5 және 7 жастағы ұлдары суға батып кетті. Марқұмдардың денелерін Жайық өзенінен жергілікті тұрғындар шығарып алған.