Қанат Бозымбаев – Алматы облысының әкімі
24 ноября 2021
Биліктегі партияның саяси кеңесі өтісімен, саясат сахнасында ауыс-түйістер басталып кетті. Әуелі жер жәннаты — Жетісудың жүгенін жеті жарым жылдай тас қылып ұстап, елдің амандығын тілеп, батасын алып жүрген Амандық Баталов қызметінен кетті. «Әкімдер рейтингісінде үнемі үздіктердің қатарынан табылатын шенеунік жұртпен қимай қоштасты», — дейді көргендер. Енді ол кісі, шынымен де үйде отырып, немересін бағады ма? Баталовтың орнына келген Қанат Бозымбаев нені білуі тиіс? Тілшіміздің келесі материалынан бұл сауалдарға жауап таба аласыздар.