6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Аптапта қазығұрттықтар сусыз отыр

«Аптап ыстықта кенеземіз кеуіп, тіліміз таңдайымызға жабысып отыр». Ауыз суға жарымаған Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданының тұрғындары осылай деп шу шағырды. Жұрт 10 жылдан бері тіршілік нәрін жарытып ішпепті. Әсіресе, жаз мезгілінде жағдайлары тіпті қиындап кетеді екен. Бір тамшы суға зар болып отырған тұрғындармен аймақтық тілші Ғалымжан Кенжебек тілдесіп қайтты.

X