Еліміздің басым бөлігінде тағы да ақ түтек боран. Салдарынан республикалық маңызы бар жолдардың басым бөлігін қар басып жатыр. Төтеншеліктердің ескертпесін елемей жолға шығып, қар құрсауында қалған жолаушылардың саны 1 мыңға жуықтаған. Оның 100-ге жуығы бала. Алыс жолды былай қойғанда, Елорда маңындағы Қосшы, Қоянды, Лесная Поляна елдімекендерімен байланыс үзілген. Адам шығыны бар ма? Боранның беті қашан қайтады?
Қар құрсауында қалғандардың жанайқайы
Дата: 27.01.2020