АРАЛДА ҚАЛҒАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ШАҒЫМЫ
30 марта 2021
Біз бөлек аралда тұрамыз. Алматы облысының тұрғындары арнамызға осылай деп жанайқайын жеткізді. Қарасай ауданына қарасты елдімекеннің әлі күнге дейін атауы да жоқ екен. Ол аздай жұртшылық жол, ауыз су, электр қуатынан әбден тарлық көрген. Ал, аудан, облыс басшылары олардың жанайқайын елемейтін көрінеді.