ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН АУЫЛ

Алматы облысында әкімдікті менсінбейтін дөкейлер бар. Олар судың да, жылудың да бағасын өздері реттейді. Көңіл күйіне қарай 7 мың халыққа тәулігене төрт сағат тіршілік нәрін береді. Жарықты да екі күнде бір өшіріп тұрады. Төзімі таусылған Райымбек ауылының тұрғындары бүгін бас көтерді. Өйткені жергілікті шенділердің жауапты компанияларға тісі батпайды екен.

X