АРДАГЕРЛЕР ЕМДЕЛЕ АЛМАЙ ЖҮР
10 октября 2025
Алматыдағы соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь ғимаратына қатысты дау қайта жанданды. Ұлы Отан және Ауған соғысының адагерлері, сондай — ақ өзге де әскери қақтығыстарға қатысқандар наразылық білдіріп, денсаулық сақтау министрлігінен ғимаратты қайта салып беруді талап етуде. Өйткені бір милллионға жуық жан осында ем қабылдаулары қажет. Ардагерлердің айтуынша, тау бөктеріндегі жерге көз тігіп отырған қалталылар көп екен. Емдеу мекемесінің аумағы бастапқыда 25 гектар болған, қазір соның тек 11 гектары қалыпты. Егер қазірден қимылдамаса, одан да айырылып қалуы бек мүмкін.







