Шығысқазақстандық еріктілер ардагерлерге көмек беруде. Үйлерін тазалап, тамақтарын дайындап, әңгімелерін тыңдап, тәлім-тәрбие алады. Жеңіс күніне 4,5 ай уақыт қалса да, өңірде Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойына дайындық басталып кетті. Бүгін Өскеменде Облыстық ардагерлер кеңесінің бесінші пленумы өтті. Аймақ бюджетінен бөлінген 88 миллион теңгеге аймақта жетпіске жуық мерекелік іс-шара өткізіліп, ардагерлер сый-құрметке бөленбек.
Ардагерлерді алаңдататын мәселелер
Дата: 20.12.2019