6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Қарияларды ұрып-соққандар ұсталды

Елімізде қарияларды ұрып-соғу деректері азаймай тұр. Алматы облысы Қаратал ауданында 72 жастағы зейнеткерді белгісіз ер адам ұрып, 42 мың теңгесін алып кеткен. Бірақ, күдікті көп ұзамай қолға түсті. Белгілі болғандай, ұсталған 55 жастағы азамат бұған дейін бірнеше рет істі болған екен. Ол тоналған ақшаның бір бөлігін ішімдікке жұмсап та үлгеріпті. Еске сала кетейін, дәл осындай жағдай күні кеше бас қалада тіркелген еді. 30 жастағы күдікті көше бойында кетіп бара жатқан зейнеткерді ұрып, құнды заттарын алып кеткен. Аталған қаскөй де, қаладағы бейнекамералардың көмегімен, көп ұзамай қолға түсті.

X