14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Артық майды алдырмақшы болған көпбалалы ана көз жұмды

«Сұлулық құрбандықты қажет етеді» демекші елімізде пластикалық хирургияның кесірінен көз жұматындар көбейген. Бірнеше күн бұрын Алматыда көпбалалы ана көз жұмды. Жас келіншек артық майынан арылу үшін осы қызметке жүгініпті. Қазір клиника жабылып, оған кәнәлілерден полиция жауап алуда. Ал, Алматы облысында бір жыл бұрын бетін әдемілемек болған 59 жастағы келіншек жекеменшік клиникада көз жұмды. Алайда бір жылдан бері істі тергеген полицейдер әлі күнге істі сотқа жібермеген. Ал ота жасаған дәрігер әлі күнге жұмысын жалғастырып келеді.

X