3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Арыстағы жарылыс: Cот басталды

Арыстағы оқ-дәрі қоймасында болған алапат жарылысқа қатысты сот отырысы басталды. Айыптылар орындығында Қорғаныс министрлігінің бір топ қызметкері бар. Оларға әскери қызметіне салғырттық таныту, оқ-дәрі пайдалану мен оны қолданудағы талаптарды сақтамау, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу секілді бірнеше айып тағылған. Процесске тоғыз жолдың торабындағы 1500-ға жуық азамат жәбірленуші ретінде шақыртылыпты. Алайда, оның бірқатары алғашқы отырысқа қатыса алмады. Анығын айтқанда, әскерилер ішке кіргізбеді.

X