ҚАРЫЗ АЛДЫҢ – ҚАЙҒЫ АЛДЫҢ
2 февраля 2024
Қарыздың кесірінен туыстар қырық пышақ болып, жан достар жаға жыртысып жүр. Борыштың батпағына батқандар тіпті туған бауырларымен де араласпай кеткен. Бүгінде кім кімге қарыз емес? Сіз біреуге, ол банкке кіріптар. Сары уайымға салатын сергелдеңнің соңы соттасумен тынып жатады, — дейді фемида өкілдері.