Қаржы пирамидасы
29 июня 2021
3700 томнан тұратын қылмыстық іс, 17 мың шағымданушы мен 48 айыпталушы. Ақтөбеде атышулы қаржы пирамидасымен айналысқандарға қатысты сот басталды. Тергеу материалдарында «Гарант 24 Ломбард» және «Выгодный займ», «Estate Ломбард», «Нұр-Али Капитал» ұйым өкілдерінің «алаяқтығынан» келген шығын көлемі 30 млрд теңгеден асады. Алғашқы сот отырысында айыпталушылар қандай шағым айтты? Процесс кезінде жедел жәрдем көлігін шақыртуға не себеп болды? Ақбаян Сұлтанмұратова баяндайды.