АШЫҚ ШҰҢҚЫР БАЛАНЫҢ ӨМІРІН ЖАЛМАДЫ
14 апреля 2025
Шымкентте алты жасар бала шұңқырға құлап қаза болды. Көпқабатты үйдің дәл жанында ашық-шашық жатқан септикті 1 жылдан бері қақсап жаптыра алмай жүрген тұрғындар ақыры қара жамылды міне. Бір трагедия болмайынша жұмысын атқармайтын жауаптылар енді адам өлгесін қимылдап жатыр. Бір емес, бірнеше техника келіп, әлгі ажал қақпасын бітеп жатқан көрінеді.







