«Астана» спорт клубындағы былық әшкере болды. Мекеме басшылары мен сыбайластары 2 миллиард теңгеге жуық қаражатты жымқырған. Бұл әзірге тергеуге белгілісі ғана. Спортқа деп бөлінген ақшаның бір шеті осылай кеміріліп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты квазимемлекеттік сектордың өкілдері де қарап қалмапты. Мемлекеттің қыруар қаржысын қажетті салаға жұмсағанның орнына, оны депозитке салып, үстінен ақша тауып жүрген жерінен ұсталды.
«Астана» спорт клубы 2 млрд теңгені жымқырған
Дата: 03.03.2020