Бұл оқиға елорданың сол жағалауында орналасқан тұрғын үйлердің бірінде тіркелген. Пәтеріне кіріп бара жатқан қыздың соңынан ере кірген қаскөй подъездің ішінде арам пиғылын іске асырмақ болыпты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Мынау өздеріңіз көріп тұрғандай Астананың сол жағалауындағы ең тыныш әрі қауіпсіз саналатын аудандардың бірінде орналасқан тұрғын үй. Күні кеше осы жерде орта жастағы бір ер кісі қаршадай қызды қинап, зорламақ болған. Абырой болғанда жасөспірім айқайлап, көмек шақырып үлгерген.
ЗАРДАП ШЕГУШІНІҢ ӘКЕСІ:
«Парень за ней зашел с улицы. Облапал и убежал. Моя дочка закричала. Никаких телесных повреждении ниче не было. Сейчас следственные мероприятия ведутся».
Оқушы қыздың ата-анасы бірден полиция шақырыпты. Қылмыс орнына келген мамандар бірден іске кірісіп подъездің ішін бір қарап, саусақ іздерінің бар-жоғын тексерген. Әзрге күдіктінің кім екені белгісіз. Көршілерден мән-жайды анықтаған Ішкі істер органдарының қызметкерлері әлі істің ақ-қарасы анық емес дейді.
«Пока никто ни в чем не подозревается. Никого тяжкого преступления не было совершено. Обратитесь в пресс службу».
ЗАРДАП ШЕГУШІНІҢ ӘКЕСІ:
«Угроза есть. Он сегодня пытался. Может он завтра где то еще раз хочет сделать. Предупредить других людей. Чтобы опасались, были поосторожней».
Мұндай қауіптің бар екені анық. Бұл жолы арам ойын іске асыра алмаған қаскөй ертең Астананың басқа ауданына барып тағы басқа жас баланы зорлауы мүмкін деген қауіп жоқ емес. Бұл пікірді тұрғындар да растап отыр.
«Камералар қажет деп ойлаймын. Өйткені неше түрлі адамдар жүреді. Балалар үшін қорқамыз. Камералар өте көмектеседі бізге, полицияға».
«Күні кеше біздің ауладағы әткеншекте 3 жігіт отырды. Түрлері күдікті. Мұндай адамдар көптеп кездеседі. Балалар үшін қорқамыз. Түрғын үй үлкен болған соң пәтерді бір күнге жалға беретіндер көп. Соларды да бақылауға алса жақсы болар еді».
Астананың полиция департаменті бұл жағдайға байланысты әзірге қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. Ата-аналар, жалпы тұрғындар болса ішкі істер органдары мен КСК-лардан орнатылған бейнебақылау камераларының қаншалықты іске қосылғанын қала бойынша тексеріп шығуды сұрайды. Және камералардың саны артатын болса, мұндай қылмыстарды алдын алуға, сондай-ақ күдіктілерді тез анықтауға сеп болар еді дейді.